Архив событий

25/08/2014

Ақтау қалалық сотымен алаяқтық әрекеті үшін әйел адамдарға қатысты қылмыстық іс қаралды

25/08/2014

2014 жылдың шілде айында Ақтау қалалық сот өндірісіне З.Уразгалиева, О.Жубаназарова, М.Нуртлеуоваға қатысты ҚР ҚІЖК-нің 284 бабына сай бірнеше қылмыстық іс түсіп, 5 тамыз 2014 жылы бір өндіріске біріктірілді.

Ақтау қалалық сотына «жалған ақшаны сату» дерегі бойынша іс түсті

25/08/2014

     Ақтау қалалық сотына 07 тамыз 2014 жылы ҚР ҚІЖК-нің 284 бабына сәйкес Ақтау қалалық прокуратурасынан ҚР ҚК-нің 206 бабыт 2 бөлігі «а,б» тармағымен, жалған ақша немесе бағалы қағаздарды бірнеше рет, алдын ала сөз байласуы бойынша, айыпталғандар Шегебаев Б.Е, Кожабаев Н.Т., және  Ешатаева Г.  қатысты іс  түсті.

Ақтау қалалық сотына «терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» дерегі бойынша іс түсті

25/08/2014

      Ақтау қалалық сотына 13 тамыз 2014 жылы ҚР ҚІЖК-нің 284 бабына сәйкес Ақтау қалалық прокуратурасынан ҚР ҚК-нің 242 бабымен, айыпталған А.М.Калюжныйға қатысты іс  түсті.

      А.М.Калюжный 18 шілде 2014 жылы сағат 15.23 шамаларында Ақтау қаласның 27 ш.а орналасқан «Болашақ» колледжінің қасында бола тұра, қасақана, адамдардың қалыптасқан өмірін бұзу, басқару тәртібіне қарсы, колледжінің сабағын өткізбеу мақстаныда өзінің ұялы телефоннан Мауғыстау облысының ІІД ЖБО-ның 102 номеріне қоңырау шалып, жоғарыда аталған оқу орнында жарылғыш зат-бомбаның барын айтқаны үшін айып тағылған. 

     Нәтижесінде сотталушы А.М. Калюжный өзінің қылмыстық іс әрекетімен бір қатар мемлекеттік  мекемелерге залал келтірген: Маңғыстау обл. бойынша ІІД 48 477 тенге, ҰҚК 4191 тенге, ТЖД 1055 тенге және МҚКК «АГСС және НМП» 7833 тенге шығын келтірген. 

     Істі  мәнімен қарау үшін ҚР СО БААТЖ автоматты түрде судья А.С. Бұлақбаеваға бөлінген.

       15.08.2014 жылы  судья А.С. Бұлақбаеваның шығарған қаулысымен іс өндіріске қабылданып, басты сот талқылауы 2014 жылдың 26 тамыз сағат 10.00 тағайындалған