Кәсіби медиатордың қатысуымен өткізілген сот талқылауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотымен сотталушы М-ке қатысты қылмыстық іс қаралған. Сотталушы «М», қасақана , пайдақорлық ниетпен, бөтен мүлікті ұрлау мақсатында, жәбірленуші «К»-нің үйінде бола тұра, оның іс әрекетін ешкім бақылап отырмағынана көз жеткізізіп, жәбірленушінің бағасы 61 000 тенге тұратын «Самсунг Галакси Вин» маркалы ұялы телефонын және ішінде болған бағасы 1000 тенге тұратын «Актив» сим картасын  жасырын түрде ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.        

Басты сот талқылауы кәсіби медиатордың қатысуымен өткізілген.

Ақтау қалалық сотының  12.06.2014 жылғы сот қаулысымен  ҚР ҚК-нің 175 бабының  1 бөлігінде  көрсетілген қылмысты жасаған  «М»   медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 67 бабы 1 бөлігінің негізінде қысқартылды.

 

Источник: 
Пресс-служба Актауского городского суда