Қоғамдық орынды ластаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1 бөлігімен азамат К.Е.-ге қатысты әкімшілік істі қарап, қаулы шығарды.

Азамат К.Е. қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын жерге лақтырып, айналаны ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген. Оның бұл әрекеті әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Сот мәжілісінде азамат К.Е. кінәсін мойындап, түсініктемесін берді.

Сот қаулысымен азамат К.Е. кінәлі деп танылып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі