Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесіне заңды өкілі жауапты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған сотта 1996 жылы туылған кәмелетке толмаған А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол Ақтау қаласы, 13 шағын ауданда орналасқан №27 үйдің жанында бөтеннің мүлкін ашық түрде тонап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.  

«Неке және отбасы» заңына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларды ата-анасы немесе  заңды өкілдері тәрбиелеп, оқытуға міндетті. Сот отырысында А.-ның заңды өкілі, кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді өз деңгейінде орындамағаны анықталды. 

Сот отырысында заңды өкіл Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 111-бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 37040 теңге айыппұл салынды

Источник: 
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі