Дауды реттеу туралы келісімімен жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты М.А. деген азаматты ҚР ӘҚБтКнің 79-5 бабының 1 бөлігімен қаралған әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты әкімшілік ісін қарады.

Азамат М. 20.02.2014 жылы туған ағасы Р-ға боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, оның тыныштығын бұзып әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот мәжілісінде азамат М. кінәсін толық мойындап, ағасы Р.-дан кешірім сұрап, болашақта қайталанбайтынын, алайда қазіргі кезде кәсіби медиатор арқылы келісімге келгенін, Медиация орталығының кәсіби медиаторының 02.04.2014ж. дауды реттеу туралы келісімімен расталды.

Сот қаулысымен М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, тараптардың кәсіби медиатор арқылы келісімге келуіне байланысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 71-1 бабының 2 бөлігінің негізінде М. әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, аталған әкімшілік іс өндірістен қысқартылды.

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі