Бос орындар туралы хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облыстық сотының кеңсесі» ММ, 130000, Ақтау қ., 3 ш/аудан, №101 үй, телефон 8 (7292) 30-20-09, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

Маңғыстау облыстық сотының кеңсесі бойынша:

1. Ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы (С-О-4).

Функционалдық міндеттері: соттарда ішкі тәртіпті сақтау мен  қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қадағалау, соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бөлімге қатысты басқа да жұмыстарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – құқық саласы (құқықтану), компьютерде жұмыс жасай білу.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

2. Кеңсенің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысына (С-R-4,  6 бірлік, Ақтау қалалық соты - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс мерзіміне), Ақтау қаласы №2 соты - 1 бірлік, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 2 бірлік (оның ішінде – 1 негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс мерзіміне), Мұнайлы аудандық соты – 2 бірлік).   

Функционалдық міндеттері: сот мәжілісінің  хаттамасын  жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім-құқық саласы (құқықтану), ортадан кейінгі білім - құқық саласы (заңгер, заңгер-кеңесші), компьютерде жұмыс жасай білу.

3. Аға сот приставына (С-R-4, Бейнеу аудандық соты - 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:  Сот мәжілісінің залында және сот ғимаратында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім-құқық саласы (құқықтану), ортадан кейінгі білім - құқық саласы (заңгер, заңгер-кеңесші), компьютерде жұмыс жасай білу.

4. Сот приставына (С-R-5, Ақтау қаласы №2 соты – 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:  Сот мәжілісінің залында және сот ғимаратында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім-құқық саласы (құқықтану), ортадан кейінгі білім - құқық саласы (заңгер, заңгер-кеңесші), компьютерде жұмыс жасай білу.

5. Кеңсенің жетекші маманына (С-R-5, 5 бірлік, Ақтау қалалық соты – 2 бірлік (оның ішінде - 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс мерзіміне), Ақтау қаласы №2 соты – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс мерзіміне), Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бірлік, Бейнеу аудандық соты – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс мерзіміне)).   

Функционалдық міндеттері:  сот кеңсесінде іс қағаздарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім-құқық саласы (құқықтану), ортадан кейінгі білім - құқық саласы (заңгер, заңгер-кеңесші), компьютерде жұмыс жасай білу.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі