Алимент төлеуден жалтарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 524-бабымен азамат А.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А.Ж. Жаңаөзен қалалық сотының 22.05.2012 жылғы сот бұйрығына сәйкес өндіріп алушы А.К.-ның пайдасына 1/2 мөлшерінде алимент төлеуге міндетті екенін білсе де, сот орындаушысынан бірнеше рет ескерту қағазын ала тұра, сот бұйрығының талаптарын орындаудан жалтарған.

Сот мәжілісінде А.Ж. кінәсін мойындап, борышын төлеу үшін қаражатының жоқтығын айтып, түсініктемесін берді.

Сот қаулысымен А.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 524-бабымен кінәлі деп танылып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі