Ақтау қалалық сотына «жалған ақшаны сату» дерегі бойынша іс түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

     Ақтау қалалық сотына 07 тамыз 2014 жылы ҚР ҚІЖК-нің 284 бабына сәйкес Ақтау қалалық прокуратурасынан ҚР ҚК-нің 206 бабыт 2 бөлігі «а,б» тармағымен, жалған ақша немесе бағалы қағаздарды бірнеше рет, алдын ала сөз байласуы бойынша, айыпталғандар Шегебаев Б.Е, Кожабаев Н.Т., және  Ешатаева Г.  қатысты іс  түсті.

Сотталушылар Шегебаев Б.Е, Кожабаев Н.Т., және  Ешатаева Г, пайда қолық ниетпен ҚР Ұлттық Банкінің жалған банкноттарын сақтау және сату, алдын ала сөз байласып, бірнеше рет заңсыз түрде пайда табуға оқталып, Жамбыл обл. белгізіс тұлғалардан жалған ақшаларды Маңғыстау обл.  Мұнайлы ауданы Атамкен елді мекені Ықлас көшесі 628 үйінде сақтап, сату ойымен Ақтау және Жаңа Өзен қалалық дүкендеріне сатқан.

    Істі  мәнімен қарау үшін ҚР СО БААТЖ автоматты түрде судья С.Ж. Умирбулатоваға  бөлінген.

     12.08.2014 жылы  судья С.Ж. Умирбулатованың шығарған қаулысымен іс өндіріске қабылданып, басты сот талқылауы 2014 жылдың 26 тамыз сағат 14.30 тағайындалған

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі