Ақтау қалалық сотымен алаяқтық әрекеті үшін әйел адамдарға қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың шілде айында Ақтау қалалық сот өндірісіне З.Уразгалиева, О.Жубаназарова, М.Нуртлеуоваға қатысты ҚР ҚІЖК-нің 284 бабына сай бірнеше қылмыстық іс түсіп, 5 тамыз 2014 жылы бір өндіріске біріктірілді.

Сотталушылар З.Уразгалиева, О.Жубаназарова, М.Нуртлеуовалар алдын ала тергеу органдарымен 2012 – 2013 ж.ж. аралығында  өзара қылмыстық сөз байласып, адамдар тобы болып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтен мүлікті ұрлау сенімге қиянат жасау арқылы алу мақсатында, қырық жәбірленушіге қатысты алаяқтық жолмен жұмысқа орналастыру үшін және пәтер алып беру үшін ақшаларын алдап алған.

Сотталушылардың қылмыстық әрекетімен жәбірленушілерге барлығы 32 658 332 теңге материалдық залал келген.

Ақтау қалалық сотының 25 тамыз 2014 жылғы үкімімен З.Уразгалиева, О.Жубаназарова, М.Нуртлеуова кінәлі деп танылып, жеке мүліктері тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазалары қолданылып, сот залынан қамауға алынды.

Бүгінгі күнде аталған үкім заңды күшіне енбеген

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі