Архив событий

27/03/2024

Жалған шетел валютасын сатқаны үшін сотталды

27/03/2024

Мұнайлы аудандық сотында  ҚК-нің 231-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ішкі істер органдарында жұмыс тәжірибесі бола тұра А., пайдакүнемдік ниетпен, кейіннен сату мақсатында, тергеумен анықталмаған тұлғадан  50 000 теңгеге 3 850 АҚШ долларын (77 дана көлемінде 50 АҚШ доллары) құрайтын жалған банкноттарды сатып алған.

А. материалдық баю мақсатында, 50 АҚШ доллар номиналындағы жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан.

Жас судьялардың қатысуымен семинар сабағы өткізілді

27/03/2024

Маңғыстау облыстық сотында  жас судьялардың  қатысуымен сот актілерінің сапасын арттыру мақсатында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы, тәлімгерлер кеңесінің төрағасы М.Аубакиров, тәлімгерлер кеңесінің  мүшелері, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Бекболатов, жас судьялар қатысты.

Іс-шараның мақсаты - жаңадан тағайындалған  судьяларға тәжірибелік көмек көрсету, сот шешімдерінің сапасын арттыру және кәсіби қызметін жетілдіру.