Архив событий

19/03/2024

Денсаулыққа жеңіл зиян келтірілгені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/03/2024

Түпқараған аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1 бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2024 жылы 26 ақпанда Б. бұрынғы әйелі И-мен сөзге келіспей қалып, ашу үстінде оны ұрып жеңіл түрдегі дене жарақатын салған. 

Сот қаулысымен Б-ға ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1 бөлігімен кінәлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

18 Наурыз - Ұлттық киім күні!

19/03/2024

Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, мәдениетіміздің ажырамас бөл­­шегі. Оны жан-тәнімізбен берік қор­ғауымыз керек.

18-ші наурыз ұлттық киім күніне орай, салт-дәстүрімізді сақтау мақсатында Маңғыстау облысы соттарының қызметкерлері бірлесіп ұлттық киім киіп келуді шешті.