Архив событий

26/03/2024

Дау бітімгершілік келісіммен аяқталды

26/03/2024

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшылар зардап шеккендер С., С. мен О. жауапкер ЖШС-нен міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиға салдарынан денсаулығына келтірілген зиянды өтеу есібінен сақтандару төлемдерінің сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Татуластырушы - судья тараптармен әңгімелесу барысында заңнамадағы дауды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.