Заңсыз табысы үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотымен  ҚР ӘҚБК-нің 394 бабының 3 бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы С.У. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес Өзбекстан Республикасының азаматы С.У. 13 наурыз 2014 жылға дейінгі мерзімге уақытша тіркеліп, тіркеуде көрсетілген тәртібін сақтамай, Құрық селосындағы «Е» ЖШС-гі салып жатырған жатақхана құрылысында жалданып жұмыс жасап, заңсыз табыс тауып жүргені анықталған, яғни Қазақстан Республикасына келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сай болмаған.

Сот қаулысымен азамат С.У. ҚР ӘҚБК-нің 394 бабының 3 бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 /бес/ тәулік мерзімге  әкімшілік  қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қарақия аудандық сотының  баспасөз қызметі