Архив событий

20/03/2014

Маңғыстау соттары әз-Наурызды атап өтті.

20/03/2014

Маңғыстау облыстық соты және ҚР Судьялар Одағы МОФ ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық соты ғимаратында әз-Наурыз мерекесі аталып өтілді. Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы М.Сабырбаев судьяларды қазақы жыл санауымыздың басы Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтау қаласының №2 сотының ұйымдастыруымен «Балалар үйінде» қайрымдылық шарасы жасалды. Судьялардың ұйымдастыруымен өткен мерекелік акцияда балалар үйіне азық-түлік, керек жарақтар сатып алынды.