Үздік мемлекеттік қызметші

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

23 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай, Маңғыстау облыстық сотында облыстық соттың ұйымдастыруымен «Үздік мемлекеттік қызметші» атты облыстық сайыс өтті.

Сайысқа Маңғыстау облысы соттарының мамандары қатысты.

Шараны өткізудегі мақсат сот кеңсесінің қызметкерлерін еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу.

Сонымен қатар, сот кеңсесінде қызмет атқарып отырған әрбір маманға ол мемлекеттік қызметші ретінде өзінің барлық-күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсауға, өзінің Отанына, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, соттың беделі мен қоғамдағы орнын жоғары көтеруге, сотқа келген әрбір азаматтың конституциялық құқығы мен мүддесін қорғауға адал да қалтқысыз қызмет етуге бейімдеу.

Мұндай сайыстар өткізу облыстық сотта дәстүрге айналған. Сайысқа қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті.

Бірінші кезеңде 11 үміткер өзін өлең-жырымен, қара сөзімен жан-жақты таныстырды. Қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың өзін таныстыру жөніндегі қара сөздерімен өлеңдерін оқу шеберлігіне ондағы сөздердің мәнімен  мағынасына көңіл бөлді.

Осыдан кейін екінші кезеңде мамандар викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл кезеңде мамандардың Қазақстан Республикасының тарихы Қазақстан Республикасының заңдарынан және мемлекеттік қызметшінің жеке бас әдебі туралы білімдері де тексерілді.

Үшінші кезеңде сайыскерлер өздерінің туған жері мен қызмет ететін соты туралы слайд көрсетті.

Бұл кезеңде қазылар алқасы сайыскерлердің дайындаған слайдтарын көпшілікке қаншалықты деңгейде түсіндіру шеберліктері мен жасалған дүниелерінің маңыздылығына назар аударды.

Ал сайыстың қызған сәті төртінші кезең болды. Бұл кезең өз өнерін көрсету деп аталған болатын. Осы кезеңде сайысқа қатысушылардың бірі кез-келген елдің астанасын айтып, өлең оқып, ал екіншісі мәнсіз сызылған ақ парақтағы сызбадан мәнді суреттер салып қазылар алқасын таң қалдырды.

Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы Нұркен Кердешов қанжығалады. Екінші орынды Маңғыстау облыстық сотының бас маманы Мейірбек Нұрғалиев, үшінші орынды Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Зәуреш Тастемирова жеңіп алды. Ал, сайысқа белсенді қатысып, жүлдеге жете алмаған Бейнеу аудандық сотының бас маманы Жасұлан Досмұханбетовпен Қарақия аудандық сотының бас маманы Алтынай Қайырболатқызына  көрермендердің «көзайымы» атағы берілді. 

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі