Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қарыз ақша сомасын және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 06 мамыр 2016 жылы талапкер «Шагала Менеджмент» ЖШС-нің жауапкер «ГММОС Казахстан» ЖШС-ненқарыз ақша сомасын және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қаралды.

Іс құжаттарымен анықталғаны,  2012, 2013 жылдары жауапкерге жалпы сомасы 1 538 210 теңгеге қонақ үй қызметі көрсетілген.  28 наурыз 2013 жылы жауапкер қарыздың бөлігі  1 000 000 теңге төлеген, ал қарыздың қалған бөлігі 538 210 теңгені өз еркімен төлеуден бас тартып отыр. Жауапкер қаржылық міндеттемелерін орындамағандықтан 538 210 теңге қарыз сомасын және 52 310 тұрақсыздық айыбын өндіруді сұрайды.

Сотпен көрсетілген қызметке төленбеген қарыз сомасы тұрақсыздық айыбы 52 310 теңгені құрайтындығы анықталған.

Жауапкер сотқа негізгі қарыздың бар екенін мойындап, талапкердің талап қою мерзімін өткізіп алуына байланысты талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы пікір табыстаған.

ҚР АК 178 бабының 1бөлігіне сәйкес, талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл.

Жауапкер талап қою мерзімін қолдануды сұрайды, алайда тараптардың 2013 жылдың 31 желтоқсанында салыстыру актісінде  жауапкердің талапкер алдындағы 538 210 теңге қарыз сомасы бекітілгендіктен, жауапкердің сотқа жүгіну мерзімі өтіп кетті деген уәжі негізсіз.

Бұл жағдайда сот талапкердің арызын толығымен қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі