Азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер Т-ның жауапкер Н-дан жол-көлік оқиғасынан келген материалдық шығынын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді

Қазақстан Республикасының АПК-нің 174-бабының 2-бөлігіне сай тараптар татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Татуласу келісімі бойынша азаматтық іс қысқартылып, талап қоюшы талабынан бас тартты, ал жауапкер бес айдың ішінде 209 800 теңгені ай сайын банкомат карточкасына 41 960 теңгеден бөліп төлеуге міндеттенеді.

Талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі