Архив событий

06/09/2016

Әкімшілік іс медиация арқылы қысқартылды

06/09/2016

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта белгілі болғандай, О. өзінің үйіне мас күйінде келіп, жанұясының шырқын бұзып, анасы А-ға балағат сөздер айтып, отбасының мазасын алған.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

06/09/2016

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы)  Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«100 нақты қадам. Сот жүйесін реформалау, құқық үстемдігін қамтамасыз ету бағыты» тақырыбында семинар өткізілді

06/09/2016

Жаңаөзен қалалық  сотында «100 нақты қадам. Сот жүйесін реформалау, құқық үстемдігін қамтамасыз ету бағыты»  тақырыбында семинар өткізілді.

 Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар, Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің қызметкерлері, Жұмыспен қамту орталығының мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық орынға алкогольдік масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

06/09/2016

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер)  М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

06/09/2016

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған К-е  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру

06/09/2016

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) жеке кәсіпкер Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді

06/09/2016

Азаматша К. 2013 жылы Мұнайлы ауданы әкімінің атына жазған арызы негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде «Бюджет саласының қызметкері» санатымен кезекке қойылған.