Архив событий

01/10/2014

Еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын дау шешілді

01/10/2014

Ақтау қаласының №2 сотында   талапкер З. жауапкер  «УВР» ЖШС-на 01.10.2013 жылғы № 01/13 бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, жалақы және 2 000 000 тенге моральдық шығынды өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Талапкер 01.10.2013 жылғы еңбек шарты бойынша «УВР» ЖШС-на аға есепшісі болып жұмысқа орналасқан. 26.02.2014 жылы мерзімнің аяқталуына байланысты, жұмыс шарты тоқтатылды деген хабарламаны 27.02.2014 жылы алған. Талапкер З. жұмыстан шығып қалғанын заңсыз деп есептейді.  Жұмыстан босап қалуына байланысты, ем қабылдағанын және өзіне моральдық шығын келтірілді деп есептейді. Ақтау қалалық № 2 сотының шешімімен  талапкер З. талабы ішінара қанағаттандырылған. Талапкер З. бұрынғы жұмысына қайта орналастырылып, жауапкер  «УВР» ЖШС-нан  талапкер З. пайдасына 1 228 470 тенге еңбек ақы және моральдық шығын компенсациясы өндірілді.