Маңғыстау соттары әз-Наурызды атап өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты және ҚР Судьялар Одағы МОФ ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық соты ғимаратында әз-Наурыз мерекесі аталып өтілді. Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы М.Сабырбаев судьяларды қазақы жыл санауымыздың басы Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтау қаласының №2 сотының ұйымдастыруымен «Балалар үйінде» қайрымдылық шарасы жасалды. Судьялардың ұйымдастыруымен өткен мерекелік акцияда балалар үйіне азық-түлік, керек жарақтар сатып алынды. Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Қанзиба Рысқалиеваның айтуынша, қайрымдылық акциялары арқылы біз төл меркеміздің киесі мен қасиетін арттыра түсеміз.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.