Жол көлік оқиғасынан жеңіл дәрежеде дене жарақатын салған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат  М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  құқық бұзушы  М. 2 ақпан, 2016 жылы сағат 16:45 шамасында, Жаңаөзен қаласы ескі әуежайындағы тас жолында «УАЗ-315195-015-013 АП» маркалы көлік құралын жүргізіп келе жатып рульін игере алмай төңкеріліп, жол көлік оқиғасын жасаған.  Нәтижесінде жүргізуші М. жолаушысы Б-ның денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтiрген.

Сот отырысында құқық бұзушы М. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген және  жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекеттер) кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31 815 теңге айыппұл жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы және қолданылды.  

Қаулы заңды күшіне енген. 

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі