Ұрланған «Орбит» ісі бойынша тараптар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотының қаулысымен сотталған Ш.-ға қатысты қылмыстық іс медиация рәсімімен аяқталды.

Сотта анықталғандай, Ш. Ақтау қаласындағы «Дана» супермаркетінен 3 дана «Орбит» сағызының қорапшасын ұрлап кеткен. Әр қорапшада 10 данадан, барлығы 30 дана сағыз болған. Осылайша ол жәбірленушіге барлығы 13.500 теңге шығын келтірген. Істі қарау барысында тараптар бір-бірімен ымыраға келіп, татуласуына байланысты, қылмыстық іс медиация тәртібімен қылқартылды. Сотталған Ш. жәбірленушіге келтірген шығын көлемін қайтарды, ал, жәбірленуші оған кешірім берді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Фото интернеттен алынды

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі