Суық қаруды заңсыз алып жүрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық соты О-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, Құрық селосында орналасқан «Интер Строй» ЖШС жатақханасы  алдындағы темекі  шегу орнында  полиция қызметкерлері тексеру кезінде О-ның ақшыл түсті жазғы шортиының оң жақ қалтасынан «кастет» теміріне ұксас зат табылған. №1235 санды маман қорытындысына сәйкес, О-тен алынған «кастет» теміріне ұқсас зат арнайы дайындалған «кастет» суық қару қатарына жататыны көрсетілген.

Сот үкімімен О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен (қаруды заңсыз иемдену, сақтау, алып жүру) кінәлі деп танылып, оған 106 050 теңге айыппұл салу  жазасы тағайындалған.

         Үкім занды күшіне енген.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі