Еңбек инспекторының нұсқамасы мәжбүрлеп орындатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотында талапкер «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» ММ-нің жауапкер «Казвторцветмет» АҚ-на берілген нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта белгілі болғандай, жауапкерге еңбек инспекторымен жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, еңбек кодексінің талаптары бұзылғандығы туралы  24 наурыз 2016 жылғы №1-9/15 нұсқама берілген, алайда ол жауапкермен орындалмаған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 193-бабының 4 -тармағына сай, еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға құқығы бар.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 12 -тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға міндетті.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономиқалық соты іске қатысты анықталған мән-жайларды ескере отырып, талапкердің талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарып, жаупкерді нұсқаманы орындауға міндеттеді.

 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі