Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер Ж-ның жауапкер жеке кәсіпкер И-дан еңбекақысын және оған қоса өсімпұлын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту туралы өтініш жасады.

Келісім бойынша жауапкер жеке кәсіпкер И. талап қоюшы Ж-ға 100 000 теңге еңбек ақысын 2016 жылдың 25 мамырына дейін қайтарып беруге міндеттенді, талап қоюшы талабынан бас тартты.

Егер жауапкер ерікті түрде татуласу келісімін орындамаған жағдайда талапкер атқару парағын беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.      

Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-бөлігіне сай азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

 Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі