Дау бітімгершілік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотына талапкер У. жауапкер М.-ға ақша өндіру  туралы арызбен жүгінген.

Аталған азаматтық істі қарау барысында талапкер У.  мен жауапкер М. дауды медиациялық келісімге келуіне байланысты, араларындағы жасақталған медиациялық келісімді бекітіп, істі өндірісімен қысқартуды  сұрады.

Сот, талапкер У мен жауапкер М-ның өтінішін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, тараптардың арасында жасақталған медиациялық келісім ҚР «Медиация туралы» Заңының 27 бабына сәйкес келетіні және басқа тұлғалардың заңды құқықтарына нұқсан келтірмейтіні анықтап, 10.12.2014 жылы сот ұйғарымымен аталған азаматтық істі медиация заңының аясында істі өндірістен қысқартты. Осылайша тараптар бір бітімге келіп, дау екі тарапқа тиімді шешілді, олар сот залынан дұрыс қарым-қатынаста шықты.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі