Бір жыл ішінде қайталанып жасалған құқық бұзушылығы үшін қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 4-бөлігі бойынша азамат  Г-ға қатысты әкімшілік істі қарады (Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер).

Сот отырысы барысында анықталғандай, Г. 2014 жылы алкогольдік масаю күйде көлік басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге көлік құралын басқару құқынан айырылған. Сонымен  бірге,  1 маусым  2016 жылы қайталап алкогольден масаю күйде көлік құралын басқарған.

Азамат Г. сотта өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот ҚР ӘКБтК  608-бабы 4-бөлігі негізінде Г-ны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15 тәулік мерзімге қамауға алып, 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі