Бала үш жасқа толғанша анасына алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық соты  бала үш жасқа толғанша анасына алимент өндіру туралы азаматтық істің өндірісін медиация тәртібімен тоқтатты.

Талап қоюшы аталған талап арызбен сотқа жүгініп, онда жауапкер екеуі заңды некеде тұратынын, ортақ бір баласы бар екенін, ол үш жасқа толмағанын, қазіргі таңда жауапкер екеуі бір отбасы болып тұрмайтынын, ортақ шаруашылық жүргізбейтінін, баласы өзінің тәрбиесінде, өзі бала күтімі демалысында екенін, жауапкер ерікті түрде материальдық көмек көрсетпейтінін көрсетіп, жауапкерден баласы үш жасқа толғанша 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Сот мәжілісі барысында тараптар өздерінің араларындағы дауды медиация тәртібімен реттегендерін көрсетіп, істі қысқартуды сұрады. Келісім бойынша жауапкер бала үш жасқа толғанға дейін ай сайын талап қоюшыға 10 000 теңге төлейді, ал талап қоюшы талап арыздан бас тартады.

Сот, ұсынылған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы медиативтік келісімнің тараптардың мүдделерінде жасақталғанын,  заңға қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындықтан аталған келісімді бекітті.  

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі