2016 жылдың 1 жартыжылдығында Бейнеу аудандық сотында 983 әкімшілік іс қаралып аяқталған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Бейнеу аудандық сотына 988 әкімшілік іс түсіп, оның 983 қаралып аяқталған. Қаралған істер бойынша құқық бұзушылардың 222 айыппұл, 22 ескерту, 478 әкімшілік қамақ, 70 көлік жүргізу құқынан айыру, 118 әкімшілік жолмен Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жазалары қолданылып, 60 іс қысқартылып, 57 адам жауапкершіліктен босатылған. 

Әкімшілік істер бойынша көші-қонға байланысты істер өте көп. Оның себебі түсінікті, тек аудан емес облыс бойынша жақын шетелден, яғни Өзбекстаннан келіп-кететін адамдар өте көп. Келіп-кететін адам көп болғасын әрине заң бұзушылықтар да орын алады. Негізі заң бұзғандарды біз ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуіміз керек. Сонда олар қайта тек 5 жылдан кейін ғана келеді. Ал, жеме-жемге келгенде заң бұзған адамның жанұясының жартысы Қазақстанда болып шығады. Біреуінің жолдасы, біреуінің ата-анасы, біреуінің балалары осында. Көбісі тойға, садақаға келіп жатады. Сөйтіп жүріп көші-қон полициясында уақытша тіркеу мерзімін өткізіп алады. Себебі, біз олардың қайта келуіне мүмкіндік беріп айыппұл саламыз не әкімшілік қамауға аламыз. Соның өзінде ол көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. 2015 жылдың 6 айында ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілгендер саны 6 болса, 2016 жылдың 6 айында олардың саны 118 болды, яғни 112 тұлғаға не 1000 % жуық жоғары.

Источник: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі