«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Маңғыстау облысы бойынша соттарда қолданылуына байланысты сот тәжірибесі жөнінде Ш О Л У

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының  2013 жылдың екінші жартыжылдығына   іс-шаралар жұмыс жоспары бойынша «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын Маңғыстау облысы бойынша соттарда қолданылуымен қаралған істерге талдау жүргізілді.

Аудандық және оған теңестірілген соттармен 2013 жылдың 4-ші тоқсанында медиация тәртібімен қаралған қылмыстық істер бойынша мәліметтерге тоқтала кетсек: Ақтау қалалық сотында - 1 қылмыстық іс;  Жаңаөзен қалалық сотында -  1 қылмыстық іс;   Қарақия аудандық сотында - 3 қылмыстық іс;  Маңғыстау аудандық сотында - 3 қылмыстық іс; Бейнеу аудандық сотында - іс қаралмаған; Түпқараған аудандық сотында   - іс қаралмаған; Мұнайлы аудандық сотында - 3 қылмыстық іс; Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта - 6 қылмыстық іс; Барлығы - 17 қылмыстық іс қаралған.

Ақтау қалалық сотында медиация тәртібімен қаралған қылмыстық іс жөнінде. Байжанов Ернар Узакбаевич, 25.10.1988 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігі «а,б» тармақтарымен; Бисекенов Есмурат Енсепович, 09.09.1988 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігі «а,» тармағымен сотқа берілген. Е.Байжанов пен Е.Бисекенов 22 қыркүйек 2013 жылы таңғы сағат 04.30-дар шамасында алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жәбірленушілер А.Анапияев пен С.Утемуратоваға себепсіз тиісіп, оларға қол жұмсап, жеңіл дене жарақаттарын салғандары үшін айыпталған. Басты сот талқылауында сотталушылардың жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты 21 қазан 2013 жылғы сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық іс қысқартылған (судья А.Бұлақбаева).

Жаңаөзен қалалық сотының 07 қараша 2013 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігі «а, в» тармақтарымен сотқа берілген Джанабаев Абзалбек Туякович, 22.07.1982 жылы туған, Смагулов Асылбек Калымович, 20.01.1982 жылы туған, жөніндегі қылмыстық іс сотталушылардың жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесі толтырылуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатыла отырып, қылмыстық іс қысқартылған (судья А.Досмагамбетова). А.Джанабаев пен А.Смагулов 01 қазан 2013 жылы сағат 14.30-дар шамасында алдын сөз байласып, топ болып, Жаңаөзен қаласы, «Шұғыла» шағынауданындағы 29 үйдің 98 пәтеріне заңсыз кіру жолымен, бөтен мүлікті жасырын ұрлап, жәбірленуші С.Джуматовқа жалпы мөлшері 65 000 теңге материалдық шығын келтіргендері үшін айыпталған. Басты сот талқылауында сотталушылар А.Джанабаев пен А.Смагуловтың жәбірленуші С.Джуматовпен медиация тәртібімен татуласқандары, келтірілген зиянның толықтай қалпына келтірілгені анықталған. Осыған байланысты сот медиация тәртібімен іс өндірісін қысқартуға қаулы қабылдаған.

Мұнайлы аудандық соты бойынша 3 қылмыстық іс медиация тәртібі қолданылып қаралған.

Атап айтқанда: 1. Килибаев Муратжан Сатыбекович, 15.02.1965 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. М.Килибаев 2013 жылдың қазан айының аяғында Мұнайлы ауданы, «Батыр» селосындағы құрылысы бітпеген сарайдан жалпы құны 10 000 теңге тұратын картон қағаздарды жасырын ұрлағаны үшін айыпталған. Сот отырысында М.Килибаев кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші А.Тлеповпен медиация тәртібімен тауласқанын көрсеткен. Жәбірленуші А.Тлепов та оны қолдап, сотталушыға қоятын ешқандай талап-тілегі жоқтығын, өзіне келтірілген материалдық залал толықтай қалпына келтірілгенін көрсетіп, істің өндірісін қысқартуды сұраған. Соттың 11 желтоқсан 2013 жылғы қаулысымен М.Килибаевқа қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья М.Алдабергенов). 2. Буркутбаев Мурат Айтбаевич, 23.01.1979 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. М.Буркутбаев 2013 жылдың қараша айының 07-і күні Мұнайлы ауданы, «Қызылтөбе-2» селосындағы №1869-шы үйде жәбірленуші Ж.Сексенбаевпен кездесіп, алдау жолымен  оның сеніміне кіріп, ұялы телефонымен бір жерге хабарласып алатынын, сосын қайтаратынын айтып, алдап, жәбірленушінің бағасы 20 990 теңге тұратын «Нокиа-302» маркалы ұялы телефонын алаяқтықпен ұрлағаны үшін айыпталған. Сот отырысында М.Буркутбаев кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші Ж.Сексенбаевпен медиация тәртібімен тауласқанын көрсеткен. Жәбірленуші Ж.Сексенбаев та оны қолдап, сотталушыға қоятын ешқандай талап-тілегі жоқтығын, өзіне келтірілген материалдық залал толықтай қалпына келтірілгенін көрсетіп, істің өндірісін қысқартуды сұраған. Соттың 12 желтоқсан 2013 жылғы қаулысымен М.Буркутбаевқа қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья М.Алдабергенов). 3. Ходжантаев Куват Пирназарович, 30.11.1982 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. М.Килибаев 2013 жылдың қазан айының 10-ы күні сағат 15.20-лар шамасында Мұнайлы ауданы, «Қызылтөбе-2» селосындағы орналасқан «Сайлау» шаштаразында отырып, стол үстінде тұрған жәбірленуші Б.Кулекешовтың бағасы 15 000 теңгелік «Нокиа-200» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлағаны үшін айыпталған. Сот отырысында К.Ходжантаев пен жәбірленуші Б.Кулекешовтың өзара медиация тәртібімен бітімгершілікке келіп, татуласқандары, жәбірленушінің сотталушыға ешқандай талабы жоқтығы, істі қысқартуды сұрап отырғаны анықталған. Осыған сәйкес, соттың 11 желтоқсан 2013 жылғы қаулысымен К.Ходжантаевқа қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья Б.Шайдуллин).

Қарақия аудандық соты бойынша медиация тәртібі қолданылып қаралған 3 қылмыстық іс:

1. Нұрқаниева Айымгул Оралбайқызы, 24.10.1991 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. А.Нұрқаниева 03 қазан 2013 жылы сағат 14.00-дер шамасында Жетібай селосы, Жаңақұрылыс көшесі, 182 үй, 1 пәтерде қонақта болып, үй иесі Р.Алдабергенованың басқа бөлмеде отырған кезін пайдаланып, жататын бөлмедегі шкафтан жалпы құны 300 000 теңге тұратын түрлі қымбат әшекей бұйымдарын жасырын ұрлап кеткені үшін айыпталған. Сот отырысында А.Нұрқаниева кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші Р.Алдабергеновамен медиация тәртібімен тауласқанын көрсеткен. Жәбірленуші Р.Алдабергенова да оны қолдап, сотталушыға қоятын ешқандай талап-тілегі жоқтығын, өзіне келтірілген материалдық залал толықтай қалпына келтірілгенін көрсетіп, істің өндірісін қысқартуды сұраған. Соттың 13 қараша 2013 жылғы қаулысымен А.Нұрқаниеваға қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья М.Жумагулов).

2. Танашев Алмаз Борамбаевич, 30.06.1981 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. Сотталушы А.Танашев 21 қараша 2013 жылы сағат 21.30 кезінде Құрық селосы, Жангельдин көшесінде қоғамды анық құрметтемей, мас күйінде, бұзақылық ниетпен жәбірленуші Т.Батырхановқа себепсіз тиісіп, бетіне бірнеше рет соққы беріп, жеңіл жарақат салғаны үшін айыпталған. Басты сот талқылауында А.Танашев пен жәбірленуші Т.Батырхановтың өзара медиация тәртібімен бітімгершілікке келіп, татуласқандары, жәбірленушінің сотталушыға ешқандай талабы жоқтығы, істі қысқартуды сұрап отырғаны анықталған. Осыған сәйкес, соттың 11 желтоқсан 2013 жылғы қаулысымен А.Танашевқа қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья Ж.Жанадилов).

3. Бультеков Есбол Жетписбаевич, 17.08.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. Сотталушы Е.Бультеков 17 қараша 2013 жылы сағат 20.30-дар шамасында Жетібай кенті, Алиев көшесі, 20 үйге өзінің танысын іздеп барып, оны таба алмай, қоғамды анық құрметтемей, бұзақылық ниетпен үйдің терезесіне тас лақтырып, сындырып, жәбірленуші А.Кошакановқа 60 000 теңге мөлшерінде мүліктік зиян келтірген. Сот отырысында Е.Бультеков кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші А.Кошакановпен медиация тәртібімен тауласқанын көрсеткен. Жәбірленуші А.Кошаканов та оны қолдап, сотталушыға қоятын ешқандай талап-тілегі жоқтығын, өзіне келтірілген материалдық залал толықтай қалпына келтірілгенін көрсетіп, істің өндірісін қысқартуды сұраған. Соттың 13 желтоқсан 2013 жылғы қаулысымен Е.Бультековқа қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья Ж.Жанадилов).

Маңғыстау аудандық сотында аталған мерзім аралығында медиация тәртібімен 3 қылмыстық іс қаралып, қысқартылған.

1. Төлегенов Серік Жумажанович, 05.06.1985 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. С.Төлегенов 29 желтоқсан 201 жылы сағат 17.30-дар шамасында «Таушық-Шетпе» тас жолының 48/22 шақырымында өзінің басқаруындағы «ВАЗ-21214» маркалы автокөлігімен жол қозғалысы Ережесінің 11.1 тармағын бұзып, Ә.Мұбдоллаұлының басқаруындағы «ВАЗ-21154» маркалы автокөлігіне соғып, жол-көлік оқиғасын жасап, жәбірленуші У.Науризбаевқа ауыр дәрежелі дене жарақатын келтіргені үшін айыпталған. Сот отырысында С.Төлегенов кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші У.Науризбаевпен медиация тәртібімен тауласқанын көрсеткен. Жәбірленуші У.Науризбаев та оны қолдап, сотталушыға қоятын ешқандай талап-тілегі жоқтығын, өзіне келтірілген материалдық залал толықтай қалпына келтірілгенін көрсетіп, істің өндірісін қысқартуды сұраған. Соттың 17 қазан 2013 жылғы қаулысымен С.Төлегеновке қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья Ж.Салиев).

2. Сагиндиков Талгат Жолдыбаевич, 19.11.1982 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. Сотталушы Т.Сагиндиков 25 қыркүйек 2013 жылы сағат 19.00 шамасында Маңғыстау ауданына қарасты Тұщыбек ауылында «Е.Оразақов» атындағы туберкулезге қарсы шипажайда емделіп жатып, қоғамдық орында, қоғамды анық құрметтемеушілік білдіріп, емделуші Е.Бегжановқа себепсіз тиісіп, бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін айыпталған. Басты сот талқылауында Т.Сагиндиков пен жәбірленуші Е.Бегжановтың өзара медиация тәртібімен бітімгершілікке келіп, татуласқандары, жәбірленушінің сотталушыға ешқандай талабы жоқтығы, істі қысқартуды сұрап отырғаны анықталған. Осыған сәйкес, соттың 20 қараша 2013 жылғы қаулысымен Т.Сагиндиковқа қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья С.Бердібеков).

3. Доскулов Кубайдулла Асанович, 05.01.1980 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген. Сотталушы К.Доскулов 19 тамыз 2013 жылы сағат 03.00-дер кезінде Шетпе селосы, «Жаңаорпа» ауылында орналасқан №280-ші үйдің ауласында ұйықтап жатырған А.Аманкусовтың қасында тұрған бағасы 14 000 теңгелік «Нокиа-Х1» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткені үшін айыпталған. Сот отырысында К.Доскулов кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші А.Аманкусовпен медиация тәртібімен тауласқанын көрсеткен. Жәбірленуші А.Аманкусов та оны қолдап, сотталушыға қоятын ешқандай талап-тілегі жоқтығын, өзіне келтірілген материалдық залал толықтай қалпына келтірілгенін көрсетіп, істің өндірісін қысқартуды сұраған. Соттың 21 қараша 2013 жылғы қаулысымен К.Доскуловқа қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья С.Бердібеков).

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі  мамандандырылған  ауданаралық сотында медиация тәртібімен 6 қылмыстық іс қаралған. 

1. Алдан Марат Танатарулы, 18.03.1986 жылы туған, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігі бойынша жеке айыптау тәртібімен сотқа берілген.

Сотталушы М.Алдан сот бұйрығы бойынша кәмелетке толмаған екі баласына алимент төлеуге міндетті бола тұра, оны төлеуден үш айдан астам уақыт қасақана жалтарғаны, оның алименттен төлеуге тиіс борышы 100 000 теңгені құрағаны үшін айыпталған. Сот отырысында М.Алдан кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші М.Саргожаевамен медиация тәртібімен тауласқанын көрсеткен. Жәбірленуші М.Саргожаева да оны қолдап, сотталушыға қоятын ешқандай талап-тілегі жоқтығын, өзіне келтірілген материалдық залал толықтай қалпына келтірілгенін көрсетіп, істің өндірісін қысқартуды сұраған. Соттың 04 қараша 2013 жылғы қаулысымен М.Алданға қатысты қылмыстық іс оның медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істің өндірісі қысқартылған (судья Б.Үсенғалиев). Бұдан басқа 5 қылмыстық істер де Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен жеке айыптау тәртібімен сотқа беріліп, сот отырысында сотталушылар мен жәбірленушілердің медиация тәртібімен бітімгершілікке келіп, татуласуларына байланысты қысқартылған. Атап айтқанда: Кузембаев Есендик Жумагулович, 01.01.1979 жылы туған; 04 қараша 2013 жылғы сот қаулысымен; Қыдырбайұлы Бердіғали, 26.06.1986 жылы туған; 20 қараша 2013 жылғы сот қаулысымен; Суюндыков Олжас Муналбаевич, 14.01.1980 жылы туған; 22 қараша 2013 жылғы сот қаулысымен; Байжанов Нурбол Темиргалиевич, 13.05.1987 жылы туған; 05 желтоқсан 2013 жылғы сот қаулысымен; Чанов Талгат Смагулович, 28.05.1981 жылы туған; 06 желтоқсан 2013 жылғы сот қаулысымен (судья Б.Үсенғалиев).

Аудандық және оған теңестірілген соттармен 2013 жылдың 4-ші тоқсанында медиация тәртібімен қаралған азаматтық істер бойынша мәліметтерге тоқтала кетсек:

Ақтау қалалық №2 сотында - 4 азаматтық іс;  

Жаңаөзен қалалық сотында -  іс қаралмаған;   

Қарақия аудандық сотында - 7 азаматтық іс;

Экономикалық сотта - 1 азаматтық іс; 

Маңғыстау аудандық сотында - іс қаралмаған; 

Бейнеу аудандық сотында - іс қаралмаған;                                        

Түпқараған аудандық сотында   - іс қаралмаған;                            

Мұнайлы аудандық сотында - іс қаралмаған;

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта - іс қаралмаған;

Барлығы – 12 азаматтық іс қаралған.

Ақтау қалалық №2 сотында медиация тәртібімен қаралған азаматтық істер:

1. Талапкер «Ақтаугазсервис» АҚ-ның жауапкер Жарасбаева Бахыт Жидегалиевнаға қарыз ақшаны және тұрақсыздық айыпақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі 14 қараша 2013 жылғы сот отырысында қаралған. Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келісіп, соттан аталған келісімді бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартуды сұраған. Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 247 бабының 4-1 тармағына сәйкес, сот, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе іс жүргізу қысқартылады.  Осыған байланысты сот 14 қараша 2013 жылғы ұйғарымымен «Ақтаугазсервис» АҚ-ның жауапкер Жарасбаева Бахыт Жидегалиевнаға қарыз ақшаны және тұрақсыздық айыпақыны өндіру туралы талап арызымен жүргізілген азаматтық ісі бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартқан (судья Қ.Рысқалиева).

2. Талапкер «Ақтаугазсервис» АҚ-ның жауапкер Больтрикова Тамара Куралбековнаға қарыз ақшаны және тұрақсыздық айыпақыны өндіру туралы талап арызымен жүргізілген азаматтық ісі бойынша да тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі соттың 14 қараша 2013 жылғы ұйғарымымен бекітіліп, азаматтық істің өндірісі қысқартылған (судья Қ.Рысқалиева).

3. Талапкер «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің жауапкер Курманов Абай Жексембетовичке борыш ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі. Бұл азаматтық іс 24 қазан 2013 жылы сот отырысында қаралған. Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келісіп, соттан аталған келісімді бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартуды сұраған. Осыған байланысты сот 24 қазан 2013 жылғы ұйғарымымен талапкер «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің жауапкер Курманов Абай Жексембетовичке борыш ақшаны өндіру туралы талап арызымен жүргізілген  азаматтық ісі бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартқан (судья Д.Бегендиков).

4. Талапкер Сорокина Сергей Анатольевичтің жауапкер Сорокина Венера Ансафовнаға дүние-мүліктерді бөлісу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі сот мәжілісінде қаралған. Сот отырысында тараптар  дауды медиация тәртібімен реттеуге келісіп, соттан аталған келісімді бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартуды сұраған.  Осы мән-жайларды және Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 247 бабының 4-1 тармағын негізге алып, сот 01 қараша 2013 жылғы ұйғарымымен осы азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартқан (судья Д.Бегендиков).

Қарақия аудандық сотында медиация тәртібімен қаралған 7 азаматтық істерге тоқталсақ.

1. Талапкер Тастаева Айгул Урынбасаровнаның жауапкер Джауметов Нурлыбек Жанабаевичке келтірген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі. Бұл азаматтық іс 20 желтоқсан 2013 жылы сот отырысында қаралып, сотта тараптар  дауды медиация тәртібімен реттеуге өзара келісіп, соттан аталған келісімді бекітуді және азаматтық істің өндірісін қысқартуды сұраған. Осы мән-жайларды және Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 247 бабының 4-1 тармағын негізге алып, сот 20 желтоқсан 2013 жылғы ұйғарымымен осы азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартқан (судья Ж.Жанадилов). Бұдан басқа медиация тәртібімен қаралған 5 азаматтық істер төмендегідей:

2. Талапкер Саргулова Оразгул Таубаевнаның жауапкер Нуржауов Жаскайрат Айтмухановичке келтірген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі, 10 қазан 2013 жылғы ұйғарыммен (судья М.Жумагулов);

3. Талапкер Көпбаева Базар Досановнаның жауапкер Джабаев Джасаганбергенге келтірген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі, 25 қараша 2013 жылғы ұйғарыммен (судья М.Жумагулов);

4. Талапкер Садуақас Аймира Садуақасқызының жауапкер Букенов Бекмұрат Ситмадуллаұлына келтірген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі, 19 қараша 2013 жылғы ұйғарыммен (судья М.Жумагулов);

5. Талапкер Кожабергенова Лаззат Кабидуллаевнаның жауапкер Кожабергенов Ахмет Джексенбаевичке келтірген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі, 29 қараша 2013 жылғы ұйғарыммен (судья М.Жумагулов);

6. Талапкер Сагинова Анар Зайтовнаның жауапкер Умирзаков Канагат Найзабековичке келтірген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі, 11 желтоқсан 2013 жылғы ұйғарыммен (судья Ж.Жанадилов);

7. Талапкер Оразалыев Бакыт Асановичтің жауапкер Кувандыкова Гульмира Акмурзеевнаға келтірген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі, 12 желтоқсан 2013 жылғы ұйғарыммен (судья Ж.Жанадилов).

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот бойынша медиация тәртібімен қаралған 1 азаматтық іс: Талапкер «Металл Сауда Үйі» ЖШС-нің жауапкер «АЛЗ» ЖШС-не келтірген 85 624 695 теңге өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі сот отырысында қаралуы кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге өзара келісіп, соттан аталған келісімді бекітуді және азаматтық істің өндірісін қысқартуды сұраған.  Осы мән-жайларды және Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 247 бабының 4-1 тармағын негізге алып, сот 18 желтоқсан 2013 жылғы ұйғарымымен осы азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық істің өндірісін қысқартқан (судья Ш.Есбаганбетов). Осы  талдауды жүргізіп,  ҚР «Медиация туралы» Заңның  талаптарын жүзеге асыру мақсатында төмендегі тұжырымдарды жасауға болады: Маңғыстау облысы бойынша судьялар  аталған заңды қолдануда біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыруда. Талдау жүргізілген істер бойынша Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» және Қазақстан Республикасы Азаматтық істер жүргізу және Қылмыстық істер жүргізу Кодекстерінде  көзделген  медиация тәртібімен татуласу ретін қолдану талаптары сақталып қаралған.

Маңғыстау облыстық сотының судьясы:                                                              Б.Қ.Мырзабеков.