Маңғыстау облысы соттарының 2015 жылдың 12 айында қараған істері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 12 айында азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың жай-күйі туралы ақпарат.

2015 жылдың 12 айында облыс соттарына 18 868 арыз және 330 іс түсті. Өткен жылдың осы мерзімінде 21 827 арыз бен 261 іс болып, абсолюттік санында 2 959 арызға кеміген.

Алайда, түскен азаматтық істердің саны 69 іске артқан.

Қаралып біткен істердің саны былтырғы 12 аймен салыстырғанда азайған. Егерде, 2014 жылдың 12 айында 18 499 іс қаралса, 2015 жылы ол көрсеткіш 18 807 тең, қаралып біткен істердің саны 307 әлде 1,6% артқан. 2015 жылдың 12  айында 110 сот бұйрығының күші жойылған. Бұл осы істер бойынша даудын бар екендігін көрсетеді.

Шешім шығарумен қаралған істер 2015 жылы-9851 және 2014 жылы-11 593 яғни, 1742 іске немесе 15,0%-ға кеміген. Ал, бұйрық шығарумен қаралған істер 2015 жылы-5960 және 2014 жылы 3753 яғни, 2207 немесе 37,0%-ға артық.

Облыс соттарымен жауапкерлердің арыздары негізінде 30 сырттай шешім бұзылған немесе жалпы шығарылған сырттай шешімдердің санына шаққанда 3,5% құраған.

Ағымдағы жылы қараусыз қалдырылған талаптар саны 2015 жылы 1599 былтырғы жылы 1791болатын. Яғни, 192 іс және 10,7 % кеміген. 

Есепті мәліметтерге сай ағымдағы жылдың 12 айында облыс соттарымен 120 (169) талап арызды қабалдаудан бас тартылған, ол 2014 жылмен салыстырғанда 49 арызға немесе 29,0% аз.

Медиация және бітімгершілік

2015 жылдың 12 айында медиаторлардың қатысуымен 189 іс қаралған, бұл барлық қаралып біткен істердің 1,0 пайызын құрайды. 2015 жылдың 12 айында бітімгершілік келісіммен  150 іс қысқартылған, бұл барлық қаралып біткен істердің 1,0 пайызын құрайды.

 

Облыс соттарымен жаңадан ашылған мән - жайлар бойынша арыздарды қаралуы

 

2015 жылдың 12 айында жаңадан ашылған мән - жайлар бойынша 71 арыз түскен, 3 арыз қалдықта болған, оның 20 қайтарылып,  сот өндірісіне 51 арыз қабылданған.

2014 жылдың 12 айында барлығы 92 арыз түскен, 2 арыз қалдықта болған, оның ішінде 49 арыз қайтарылған.

2015 жылдың 12 айында қаралған 51 арыздың 14 қанағаттандырылса

2014 жылы қаралған 40 арыздың 20 қанағаттандырылған.

 34 арыз бойынша сот актісін қайта қараудан бас тартылған, 2014 жылы бұл көрсеткіш 20 құраған.

 

 

 Апелляциялық тәртіппен істерді қарау

 

Статистикалық мәліметке сәйкес, 2015 жылдың 12 айында апелляциялық сатыға 1190 азаматтық іс түсіп, былтырдан қалдыққа қалған 22 істі қоса санағанда, барлығы 1212 іс апелляциялық алқаның қарауында болды. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1265 болатын. Яғни, 53 іске азайған.

Істі қарау мерзімі

Сот төрелігін жүзеге асыру жеделдігі істің мәні бойынша қарау мерзімін ғана емес, сот төрелігін жүзеге асыру жеделдігі ұғымына кіретін басқа іс жүргізушілік мерзімдерді де қамтиды.

Істі тез қарау, істі апелляциялық сатыға қарауға жолдау, сараптау мекемелеріне жолданған істер облыстық соттың қатаң бақылауында тұр. 

Статистикалық мәліметтерге сай есептік уақыт кезінде қарау мезімдері бұзылған істер жоқ.

Жеке ұйғарымдар

Тұлғалардың сотқа жүгінуіне негіз болған мемлекеттік және басқа да мекемелер жол берген кемшіліктерді болдырмау мақсатында, 2015 жылдың 12 айында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен 12, өткен жылда 9 жеке ұйғарымдар шығарылған.

Ақпараттық жүйені жетілдіру

2015 жылдың 12 айында «Сот кабинеті» арқылы барлығы 8179 талап арыз түсіп тіркелінді, бұл барлық соттарға түскен арыздардың 43,3% құрайды.

Аталған жаңашылдық сот төрелігін жүзеге асырудғы кедергілер мен сыбайлас жемқорлықты тыйатын сот төрелігінің ашықтығы мен жеделдігіне бағытталған.

Облыстың барлық соттарымен дыбыс және дыбыс-бейне жазба қолдану арқылы 28 195 (96,1%) азаматтық істер қаралған.

 Әкімшілік істер

2015 жылдың 12 айында түскен және қаралған әкімшілік істердің саны 2014 жылдың осы кезенімен салыстырғанда артқан.

2015 жылдың 12 айында облыс соттарына 17 043 іс түсіп (2014 жылы-16 083), 16 827 іс қаралған (2014 жылы-14 741).

Бұл көрсеткіш облыс соттарымен қаралған әкімшілік істердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 086 іске немесе 12,4% артқандығын көрсетеді.

Ақпараттық жүйені жетілдіру

Әкімшілік істер бойынша сот кабинеті сервисі арқылы 6694 әкімшілік материалдар түсіп, барлық түскен материалдардың 39,3% құраған.

Аталған жаңашылдық сот төрелігін жүзеге асырудғы кедергілер мен сыбайлас жемқорлықты тыйатын сот төрелігінің ашықтығы мен жеделдігіне бағытталған.

Облыстың барлық соттарымен дыбыс және дыбыс - бейне жазба қолдану арқылы 16 583 (98,5%) әкімшілік істер қаралған.