Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Алановтың ҚР Тұңғыш Президенті күнінде сөйлеген құттықтау сөзі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті маңғыстаулықтар мен әріптестер!

1-желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлаған болатын. 2011 жылдан бері Елбасы қол қойған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңы негізінде осы мерекені атап өтіп келеміз.

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, 25 жылда буынын бекіткен елдің әлемдік деңгейдегі алпауыт елдермен иық тірестіруі Тұңғыш Президентіміздің арқасы.

Елбасы сот жүйесіне ұдайы қамқорлық танытып, сот реформасын алға жылжытуда нақты қадамдар жасай отырып, маңызды міндеттер жүктеп келеді. Кешегі өткен республика судьяларының 7 съезіне қатысқан Нұрсұлтан Әбішұлы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, келешекке нақты тапсырмалар жүктеді. Мұның өзі мемлекет басшысының сот жүйесіне оң көзқараспен қарап, назарында ұстайтынын білдірсе керек.

Барлықтарыңызды егемен еліміздің Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!