Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Алановтың Астана күнімен құттықтау сөзі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді  2006 жылдан бері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерінің қатарына қосылып, ел аумағында тойланып келе жатқан 6-шілде – Елорда күнімен шын жүректен  құттықтаймын!

Бұл күн елдік пен ерлікті, бірлік пен берекені басты мұрат етіп таңдаған барша Қазақстан халқы мен Отанымыздың әрбір шынайы патриот азаматы үшін ерекше мереке.

Себебі, Астана – сәні мен салтанаты жарасқан ғажайып қала ғана емес, қазақ халқының сан ғасырлық армандарының ақиқатқа айналуының дәлелі, бүгіні бекем, келешегі кемел елдігіміздің айғағына айналды.

Сарыарқаның төсінен жаңа елорданы салу, оған Мәңгілік ел болу мүддесіне сай рухани мазмұн беру – Ұлт Көшбасшысының ұлы идеялары, шешімді қадамдары арқылы сәтті іске асқанына куәміз. Сол Астанада бүгінгі күнге дейін ауқымды да қомақты қаншама шаралар мен жиындар өткізілуде?! Соның ішінде шоқтығы биік шараның бірі – бүгінгі күнде өткізіліп отырған,ел абыройына арқау болған – EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі деуге болады.

Әлемдегі 161 мемлекеттің ішінен 103-і осы көрменің Астана қаласында  өтуін қолдап дауыс бергені Қазақстанның кейбір дамыған елдерден де басым екендігін аңғартады. Осы көрме арқылы біз елімізді барлық қырынан әлемге көрсетуге мүмкіндік алдық. Бұл жетістікке әрбір қазақстандықтың қарымды еңбегі мен үлесі арқылы қол жеткіздік. Ендеше ортақ Отанымыздың ұлан асыр тойы баршамыз үшін құт-береке әкелсін!

Мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, ізгілікті іс-әрекеттеріңізге толағай табыс тілеймін! Егемен еліміз бен Елордамыздың еңсесі биіктей берсін!

 

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы                              Ж.Аланов