Маңғыстау облыстық соты кеңсесінің Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) бас маманы Г.Ж.Жидебаева "Мемлекеттік қызметке қабылдаудың тәртібі зор рөл атқармақ " "//http://www.mangmedia.kz" 2015 жылғы 29 шілде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасымыз  халықтың назарына Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынған болатын.  «Ұлт Жоспарының «100 нақты қадам» елімізде «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік корын жасап беретін болады» - деп Елбасымыз сөзін қадап айтты.  Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген. Осыған орай, Ұлт Жоспарының «100 нақты қадам» ішіндегі мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты қадамдарына жеке тоқталып өтейін, 1-қадамында «Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені» атап өтілген.  2-қадамда «Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» деген міндет қойылып отыр. 3-қадамда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру» мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған. 4 - қадамда мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау). 5-қадамда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру. 8-қадамда Ауыстырылатын мемлекеттік қызмет­керлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру. 9-қадамда Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру. Міне, осы мемлекеттік қызметкерлерге қойылған талаптарды орындау - әрбір мемлекеттік қызметкер үшін үлкен қадам болмақ.

Сондықтан, Елбасының сот саласына қатысты жүргізіп отырған реформалары жоғары деңгейде, болашақта өз септігін тигізеді және одан әрі дамуына жол ашады. Бұл жоспар - әрбір мемлекеттік қызметкерге де,  барлық Қазақстандықтар үшін маңызы зор болмақ.