Маңғыстау облыстық соттарымен 2016 жылдың 12 айында сот төрелігін іске асыру туралы ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер бойынша - 2016 жылдың 12 айында жергілікті соттарда 72 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, 1737 қылмыстық іс түсіп, 1738 қылмыстық іс 2012 адам бойынша аяқталған. Оның ішінде 1245 қылмыстық іс 1472 адамға қатысты үкімдер шығарылған, 418 адам жөніндегі 377 іс өндірістен қысқартылған, 121 іс прокурорға кері жолданған, заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес халде жасаған 4 адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған. 2015 жылдың 12 айымен (2015 ж. 12 айда - 1311 іс 1563 адам бойынша қаралған), салыстырғанда қаралған істердің саны 427 іске артқан.«Медиаторлардың қатысуымен облыс соттарында 107 (аяқталған істердің 6,1%) қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. 2016 жылдың 12 айында апелляциялық сот алқасына барлығы (өткен жылдан 9 іс 9 адам жөнінде қалдыққа қалған) 249қылмыстық іс түскен, соның ішінде апелляциялық тәртіппен барлығы 316 адам жөніндегі 243 іс қаралған. 1 қылмыстық іс бойынша шағымдары кері алынған, 11 қылмыстық іс қараусыз кері қайтарылған, 2 қылмыстық іс қалдыққа қалған.  (2015 жылдың 12 айында барлығы 226 адам жөніндегі 168 іс қаралған), яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 75 іске артқан. 2016 жылғы 12 айда ҚПК-нің 55-бабы тәртібінде тергеу судьяларының қарауына 1568 материал келіп түсті. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 34 пайыз 3 есеге көп (2015 жылдың 12 айында – 649 материал). 2016 жылдың 12 айында 1534 (2015 ж. 12 ай – 647 қаралған) материал қаралған. Оның 1472 қанағаттандырылса (2015 ж. 12 айы -617), 62-і қанағаттандырудан бас тартылған (2015 ж. 12 айы – 30).  

Әкімшілік істер бойынша - Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған әкімшілік және аудандық  соттарымен 2016 жылдың 12 айында барлығы 16105 адам жөнінде 16041 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер аяқталған. Оның ішінде мемлекеттік тілмен қаралған іс 12942  (80,68%), дыбыс-бейне жазбамен 14210 ( 88,58%) іс қаралған.

Азаматтық істер бойынша - статистикалық мәліметтерге сәйкес Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген бірінші саты соттарына 2016 жылдың 12 айы ішінде 1231 іс, 21464 талап-арыз түсіп, барлығы 22695 іс пен талап-арыздар тіркелген. Қабылдаудан бас тартылған 130 (0,57%),  қайтарылған талап-арыздар 688 (3,03%),  өндіріспен барлығы аяқталғандар 20039, оның ішінде мемлекеттік тілде 12663 (63,19%),  шешім қабылданған 10092 (50,36%), сырттай шешім шығарумен 374 (1,86%),  сот бұйрығымен 7164 (35,75%), қысқартылғандар 1200 (5,98%), қараусыз қалдырылған 1416 (7,06%), бейне/дыбыс жазбамен 1718 (8,57%) қаралып, қалдықтағы аяқталмаған істер саны 73.

Медиациямен 817 (4,07%) аяқталды, оның ішінде судья медиаторлардың қатысуымен  493 азаматтық іс қаралды.  

2016 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттармен 20039 азаматтық іс өндірісі аяқталғаны, оның ішінде 12663  (63,19%) азаматтық іс мемлекеттік тілінде қаралған.