Құрметті оқырман!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздермен тікелей байланысқа шығатын, объективті ақпаратпен жан-жақты әрі дер кезінде алмасу мақсатында құрылған жеке блогыма қош келдіңіздер!

Еліміздегі заңнамалар мен сот жүйесіне немқұрайлы қарамайтын барлық азаматтарды блок бетінде пікір алмасуға шақырамын. 2009 жылы 26 желтоқсанда күшіне енген ҚР «Азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері» Заңына сәйкес, азаматтардың жеке өміріне, отбасылық құпиясына қатысты ақпараттарды өзінің рұқсатынсыз көпшілік орындарда немесе бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жариялауға тыйым салынады. Осы аталған талапқа қайшы келетін ұсыныстар мен сауалдар блог бетінен өшірілетінін ескертемін.

Кез келген уақытта Сіздерден Ата заңымызда көзделген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жөнінде пікірлер мен сауалдар күтемін.

Блог бетінде айтылған әрбір пікір назардан тыс қалмайды.

Құрметпен,

Аланов Жақсылық Рзабекұлы

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы