Бауыржан Шайдуллин, Қарақия аудандық сотының төрағасы, "Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру" "//Қарақия газеті" 2015 жылғы 6 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елімізді дамыту жолында Ұлт көшбашымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын  бағдарламалар мен стратегиялық  жоспарларын үздіксіз  ұсынып келеді. Бүгінге дейін жарияланған әрбір жоспар халық арасынан қызу қолдау тауып, іс жүзінде орындалуда.  Ел болашағы үшін айтулы жоспарлардың бірі емес, бірегейі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. «100 нақты қадамда» еліміздің болашағы үшін 100 нақты қадам көрсетіліп, арнайы бөлімдерге бөлінген. Ұлт көшбасшысы сот жүйесін әрқашан қолдап, өз назарынан бір сәтке тыс қалдырған емес. Оның дәлелі, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бөлімі.

Мемлекет басшысы ұсынған  осы «100 нақты қадам» жоспары сот саласына тың міндеттер жүктеді. Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды орындау біздің ортақ міндетіміз. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 25-қадамында          «Шетелдік және халықаралық соттардың  үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы сотқа кеңес беріп отырады»,- деп жазылған. Бүгінде бұл мәселе қазіргі таңдағы күн тәртібінде тұрған өткір мәселенің біріне айналып үлгерді. Елбасымыз ұсынып отырған,  шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру сот ісін жетілдіріп, дамытуда дұрыс бағыт болмақ. Себебі, бүгінгі сот саласына шет елдік судьялар мен заңгерлердің тәжірибесі ауадай қажет десек артық айтпағаным. Соттың мeмлeкeттiк мeханизмдeгі рөлiн күшeйтуде, оның құқық қорғау функциясын нығайтуда, сот жүйeсiн халықаралық принциптeр мeн стандарттарға сәйкeс кeлтiруде  шетелдіктердік судьялар мен заңгерлер тәжірибесінің маңызы зор.  

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сай сот жүйесі, қызметі жаңартылмақ. Басты мақсат халықтың сотқа деген сенімділігін күшейтіп, қолжетімділігіне жол ашу. Қоғам мен мемлекет мүддесін, ел азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын сот арқылы қорғауды толықтай қамтамасыз ету үшін сот құрлысын жетілдіру, соттың мамандарын кеңейту, істердің қаралу мерзімін сақтауды қамтамасыз ету, соттың бақылау аясын кеңейту,сот рәсімдерінің ашықтығына кең жол ашып, білікті кадрлармен толықтыру керек-ақ. Сот жүйeсі саласында қабылданған әрбір шара жалпыға бірдeй танылған халықаралық өлшeмдeргe сай кeлeтін, мeмлeкeттің құ-қықтық институттарын дамытуға, қоғамда заңдылық пeн тұрақтылықты жүйeсін құруға мүмкiндiк бeрeдi дeп сeнeмін.

Әрбір Қазақстандықтың Елбасымыз ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына өз үлесін қосуы азаматтық парызы деп білемін. Сондықтан «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-демекші, әрбір қадамды іске асыруға атсалысақ қана еліміз дамыған елдердің 30-дығына қосылып, Қазақстанның болашағы жарқын болмақ.