Амандық Ерниязов Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы "Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда " "//http://www.mangmedia.kz" 2015 жылғы 23 шілде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ұлттық жоспардың негізгі мақсатына институционалдық бес реформалар енді. Олар: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз  ету, индустрияландыру және экономикалық даму, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Бірінші қадам - Кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

Оның ішіне, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру,

Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді, жаңа этикалық Ережелерді енгізу және мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы  бөлім құру, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң қабылдау, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді атестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу көрсетілген.

Осы Реформадағы бірінші қадам  талаптары екінші қадам - Заңның үстемдігін қамтамасыз ету Реформасына сабақтасады.

Яғни, Реформа талаптарына сәйкес білікті, кәсіби мемлекеттік қызметшілерсіз Заңның үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Заңның үстемдігін қамтамасыз ету кәсіби мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінің арқасында, мемлекеттік қызметтерге кәсіби, тәжірибелі мамандардан аппарат құру нәтижесінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтің ел болашағы үшін маңызы зор. Ал Заңның үстемдігі мемлекеттік қызметтің нығаюына септігін тигізері сөзсіз.

Осы орайда, жаңа тарихи жағдайда дамыған отыз мемлекеттің құрамына кірудің ұлттық жоспары болып табылатын бес институционалдық бағдарламаны жүзеге асыруда соттардың жауапкершілігі алғы шепте.

Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету мақсатында сот жүйесінің сатыларын оңтайландыруды қарастыратын бес сатылы жүйеден үш деңгейлі сот төрелігіне көшуге қатысты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасына ерекше көңіл бөлінуде.

Сот сатыларын оңтайландыру еліміздің судьяларына сот төрелігін атқаруда үлкен жауапкершілік артып, кәсіби деңгейлерін көтеруді және өзін - өзі дайындауды қажет етеді.

Қазіргі таңда, Реформаның 20-қадамын орындауда сот отырыстарын  дыбыс - бейне тіркеу жүйесін енгізу бойынша шаралар белсенді түрді іске асырылып жатыр.

Осы ретте қазіргі уақытта қолданылатын дыбыс - бейне тіркеу жүйелерінің деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі бар, сондай - ақ сот органдарының «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық - талдау жүйесімен» және «Сот кабинеті» онлайн-сервисімен біріктірілген.

Дыбыс - бейне тіркеу жүйесін интернет - ресурста орналастырылған  істерді қарау  тізімімен интеграциялау қазірдің өзінде сот отырысының нақты басталу уақытын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Сот отырыстарына дыбыс - бейне тіркеу жүйесін енгізу - бұл баршаға айқын, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделген, уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы қадам болып табылады.

Осылай, онлайн сервистерді жаңғырту және сот ісін жүргізуді жеңілдету мәселелері оң шешімін табуда.