Архив событий

02/05/2018

Борышкер өкілі сотқа құрметтемеушілік білдірген

02/05/2018

Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Kwark Technology Services» ЖШС-н банкрот деп тану туралы азаматтық іс бойынша борышкер өкілі Ш. 28.03.2018 жылы сағат 14.30-ға сот отырысына келу туралы хабарламаны алып, істі одан әрі қарауы  мүмкін болмайтын жағдайларында сот отырысына келмей, сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Жер учаскесі мәжбүрлеп алынды

02/05/2018

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талап қоюшы Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жауапкер жеке кәсіпкер М-дан жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы азаматтық іс қаралды.

Жұбайлар медиация арқылы татуласты

02/05/2018

Мұнайлы аудандық сотында  неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың заңды некеде тұратындығы және олардың кәмелетке толмаған екі баласы  бар екені анықталды.

Судьялар мен сот қызметкерлері мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдерімен кездесті

02/05/2018

Маңғыстау облыстық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінің қызметкерімен кездесу өтті.

Жаңаөзен қалалық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

02/05/2018

Талапкер Н. өзінің талап арызында жауапкер Е-мен 2012 жылы некеге тұрғанын, ортақ некеден  кәмелетке толмаған 3 баласының барын, бала тәрбиесіне байланысты ешқандай даудың жоқ екенін, жауапкермен мінездерінің келіспеуіне байланысты соттан арадағы некені бұзуды сұрайтынын көрсеткен.