Архив событий

25/06/2021

Облыстық сотта 5 айдың жұмыс қортыныдысы сараланды

25/06/2021

Маңғыстау облыстық сотында жалпы отырыс өткізіліп, күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланды.

Оның ішінде сот істерін қарау барысында орын алған кемшіліктер, сот практикасында заңдарды қолдану, судьялар тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктер талқыланды. Судьяларға әдістемелік көмек көрсету, кемшіліктермен жұмыс жасау жолдары айтылды.

Қатысушылар өрескел заң бұзушылықтар орын алған факті бойынша бір судьяға қатысты материалды ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот жюриіне қарау үшін жолдау туралы ұсыныс енгізді.

9 жылға бас бостандығынан айырылды

25/06/2021

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен, 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы «Р»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай сотталушы «Р» өз әйелін жәбірленуші «П»-дан қызғаныш үстінде, 30.12.2020 жылы сағат 20.00 шамасында, жәбірленуші «П»-ның пәтеріне барып, есігін қаққанда жәбірленуші есікті ашқан бойда жұдырығымен оны ұрып құлатып, оның бетіне, денесіне аяқ-қолдарымен ұрып-соғып, соңғысының қазаға ұшырағанына әбден көзін жеткізген.

Еңбек даулары талқыланды

25/06/2021

Қарақия аудандық сотының судьясы М.Джумаева «Еңбек дауларының  алдын алу» мақсатында «Маңғыстау-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  басшысы А.Иттыбаеваның және  қызметкерлерінің қатысуыларымен  дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барасында судья еңбек даулары бойынша жан-жақты түсінік беріп, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  талаптарына сай, еңбек дауларын  алдын алып сотқа жеткізбей аяқтау қажет екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушлар  еңбек дауынан туындайтын өздерінің қызықтырған  сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

«Түнгі сот» пилоттық жобасы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды

25/06/2021

Маңғыстау облыстық соты онлайн режимде "WatsApp" мобильді қосымшасы арқылы  "Түнгі сот" пилоттық жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелге облыс судьялары, прокурорлар, Ақтау қаласы ЖП өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты және Мұнайлы аудандық сотында осы жоба жүзеге асырылды, бұл әкімшілік істі бір процесте  қарағысы келетін азаматтарға бағытталған.

Маңғыстауда «Отбасылық соттар» жобасының рөлі талқыланды

25/06/2021

Маңғыстау облыстық сотында «Отбасы бірлігін сақтау: сотқа дейінгі және соттағы татуластыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Айша Елемесова қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы, облыстық соттың судьясы Гүлажар Бақытжанова «Отбасылық сот» пилоттық жобасы, оның тиімділігі, аталған жобаны іске асырудағы судьялар мен медиаторлардың функцияларына тоқталды.

Үйге дезинфекция жасап, екі адамның өліміне себепші болған оқиға бойынша сот үкімі шықты

25/06/2021

Ақтау қалалық сотында санитарлық қағидаларды бұзу арқылы абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан оқиға бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 304-бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісі ашық түрде, мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің, жәбірленушінің өкілінің, сотталушы  мен қорғаушысының  қатысуларымен өтті.

Сотта анықталғаны: