Архив событий

23/06/2021

Облыстық сотта мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

23/06/2021

Облыстық сотта 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай, салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Аманбек Калпаков, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметкерлері қатысты.

Аманбек Калпаков жиынға қатысушыларды мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтай келе:

- Елімізің сот жүйесінің дамуы,  халықтың сотқа деген сенімінінің  артуы Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, іс-тәжірибелеріңізге, патриоттық сезіміңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауыңызға, сіңірген еңбектеріңізге тікелей байланысты, - деді.

Неке шарты түсіндірілді

23/06/2021

Қарақия аудандық сотының судьясы М.Джумаева  Қарақия аудандық АХАТ бөлімі жанында ашылған «Отбасылық кеңес беру орталығына» отбасын құруға ниет білдіріп келген екі жасқа некеге тұру және неке шарты туралы сұрақтары бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қарақияда жаңа кодекстің қолданысы түсіндірілді

23/06/2021

Қарақия аудандық әкімдігінде соттың ұйымдастыруымен «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қарақия аудандық сотының төрағасы, судья, аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім басшылары және басқа да мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Әкімшілік әділет құрылымының талаптары түсіндірілді

23/06/2021

Мұнайлы аудандық әкімдігінде аудан әкімі Р.Елтизаровтың, аудандық сот төрағасы С.Наурзбаевтың және судьялар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сот төрағасы С.Наурзбаев Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жыл 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетіне тоқталып, жаңа заңда 4 бөлім, 175 бап, 29 тарау бар екенін атап өтті.

ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАҢА МЕКЕН ЖАЙ

23/06/2021

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жаңа мекен-жайға көшкендігін хабарлайды:

Ақтау қаласы, 3 шағынаудан,101 ғимарат

(Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бұрынғы ғимараты)

Байланыс телефондары: 8(7292) 70-14-80,70-14-81,70-14-82,70-14-84