Архив событий

04/06/2021

Түпқараған аудандық сотына жаңадан төраға тағайындалды

04/06/2021

Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Ержан Қарабаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №584  Жарлығымен Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Бегенов Едіге Берекетұлын сот ұжымына ресми түрде таныстырды.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Ержан Қарабаев, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысы А.Калпаков және сот ұжымы қатысты.  

Бейнеу аудандық сотының төрағасы тағайындалды

04/06/2021

Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Е.Қарабаев бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №584 Жарлығымен Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Бейнеу аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған Ғабиден Ораховты ұжымға  таныстырды.

Іс-шараға Бейнеу ауданының әкімі Б.Әбілов және судьялар, құқық қорғау органдары басшылары, адвокаттар, жеке сот орындаушылар қатысты.

Қарыз сомасын өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

04/06/2021

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тараптар «E» ЖШС және «L»  ЖШС-ке қатысты азаматтық ісі қаралды.

 Азаматтық істің мән-жайы жауапкерден уақытша қаржы ретінде алынған 100 000 000 теңгені  талапкерге  қайтарып беру.

Татуластыру рәсімі шеңберінде татуластырушы судья тараптарға татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылықтарын түсіндірді.