Архив событий

17/06/2021

Мұнайлыда медиация кабинеті ашылды

17/06/2021

Мұнайлы аудандық сотының бастамасымен Мұнайлы ауданындағы «Techno Traiding LTD» ЖШС-нің ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы С.Наурзбаев, татуластырушы судья Г.Чельпекова, кәсіби медиаторлар, мекеме өкілдері қатысты.

С.Наурзбаев еңбек даулары қоғамда жиі кездесетінін тілге тиек етіп,  аталған  медиация кабинеті ұжым арасындағы жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеп, екіжақты бітімгершілікке келтіруге бағытталатынын түсіндірді.

Қарыз сомасын өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

17/06/2021

Жауапкер Н. қолхат негізінде 2019 жылы  Г-дан  1 000 000 теңге қарыз   алып,  2020 жылдың  желтоқсан  айының  31-не дейін қайтаруға міндеттенген. Алайда,  жауапкер осы күнге дейін қарызды қайтармаған. Жауапкер қарыз    бойынша  өз міндеттемелерін орындамағандықтан, талап қоюшы Г. сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келісті. Келісімнің шарттары бойынша жауапкер Н. талап қоюшы Г-ге  2021 жылдың 30-шы  маусымына  дейін  1 000 000 теңге  қарызын төлеуге міндеттенеді.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

"Nur Otan" партиясының ғимаратында тұрғындарды қабылдау өткізді

17/06/2021

 "Nur Otan" партиясының ғимаратының  қоғамдық қабылдау бөлмесінде  азаматтарды жеке сұрақтарымен Қарақия аудандық сотының төрағасы С.Бердібеков жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға ауыл тұрғындары қатысып, сот төрағасына  көкейде жүрген  сұрақтарын қойды. Атап айтсақ,  сұрақтардың басым бөлігі алимент өндіру, неке бұзу және еңбек даулары жөнінде  болды. 

Сонымен қатар, Қарақия аудандық АХАТ бөлімінің ғимаратында отбасылық кеңес беру орталығы ашылғанын,  аталған орталыққа отбасы даулары бойынша   жүгіне алатындарын айтты сот төрағасы.  

Түпқараған аудандық соты медиативтік келісімді бекітті

17/06/2021

Түпқараған аудандық сотында талап қоюшы М-ның  жауапкер Д-мен  араларындағы заңды некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы М. талап арызында жауапкер Д-мен 2007 жылдан бері заңды некеде екенін, ортақ некеден жеті кәмелет жасына толмаған баласы  бар екенін,  қазіргі таңда неке қатынастары тоқтатылғандарын, түсініспеушіліктер көп болатынын, татуласуға мүмкіндік жоқ екенін көрсетіп, талабын қанағаттандыруды сұраған.

Алдын ала сот отырысы барысында медиация тәртібін  түсіндірудің нәтижесінде, тараптардан сот медиативтік  келісімі ұсынылды.