Маңғыстау облыстық сотының төрағасы - Рахымбеков Ербол Мұқажанұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес Маңғыстау облыстық сотының төрағасы лауазымына Рахымбеков Ербол Мұқажанұлы тағайындалды.
Анықтама:
Ербол Рахымбеков 1964 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1989-1990 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының нотариаттық конторасының нотариусы;
1990-1991 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының халық кеңесінің депутаттары президиумының заңгері;
1991-1994 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Булаев аудандық сотының судьясы;
1994-1996 жылдары Қарағанды облысының Нұрын аудандық сотының судьясы;
1996-2000 жылдары Қарағанды облысының Нұрын аудандық сотының төрағасы;
2000-2001 жылдары Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының Киров сот учаскесінің аға судьясы;
2001-2001 жылдары Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының судьясы;
2001-2002 жылдары Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының төрағасы;
2002-2008 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының төрағасы;
2008-2010 жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы;
2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы;
2012-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы;
2014-2016 жылдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы;
2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы;
2018 жылдан бастап қазіргі тағайындалуға дейін - Шымкент қалалық сотының төрағасы.