Сот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық соты 1969 жылы құрылған. 1969-дан 1971 жылға дейін Гурьев облыстық сотының, 1971-дан 1973 жылдың сәуір айына дейін Гурьев облыстық атқару комитеті әділет басқармасының, ал 6 сәуір 1973 жылдан бастап Маңғышлақ облыстық атқару комитеті әділет басқармасы қарамағында болған. Жаңаөзен қалалық соты құрылған кезінен бастап мына адамдар қалалық соттың төрағасы қызметін атқарған:

1 Екібаев Б.Е.1969-1980

2 Жумабаев А.Ж.1980-1986

3 Орынбаев И.О.1987-1989

4 Есмұрзаев Қ.Е.1989-1996

5 Баймағанбетов А.Ә.1996-2002

6 Кайлюков М.М.2001-2007

7 Шаров Ғ.Х.2007-2010

8 Елемесов Б.Ж. 2010-2014

9 Жанадилов Ж.  2014-2017

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 09.10.2018 жылғы Жарлығына сәйкес Тоқбаев Бауыржан Қалмұханұлы  – Жаңаөзен қалалық соты төрағасы қызметіне тағайындалды.

2014 жылдан бастап соттар "Төрелік" бағдарламасымен жұмыс жасауға кірісті. Аталған бағдарлама кіріс, шығыс және ішкі айналымдағы құжаттардың элетронды түрде жүргізілуін, сот іс-қағаздарының яғни, сот істерін электронды түрде тіркеп, сот актісі қабылданғанша есепке алып отыруды қарастырады.