Сот жүйесі

Сот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық соты 1969 жылы құрылған. 1969-дан 1971 жылға дейін Гурьев облыстық сотының, 1971-дан 1973 жылдың сәуір айына дейін Гурьев облыстық атқару комитеті әділет басқармасының, ал 6 сәуір 1973 жылдан бастап Маңғышлақ облыстық атқару комитеті әділет басқармасы қарамағында болған. Жаңаөзен қалалық соты құрылған кезінен бастап мына адамдар қалалық соттың төрағасы қызметін атқарған:

1 Екібаев Б.Е.1969-1980

2 Жумабаев А.Ж.1980-1986

3 Орынбаев И.О.1987-1989

4 Есмұрзаев Қ.Е.1989-1996

5 Баймағанбетов А.Ә.1996-2002

6 Кайлюков М.М.2001-2007

7 Шаров Ғ.Х.2007-2010

8 Елемесов Б.Ж. 2010-2014

9 Жанадилов Ж.  2014-2017

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 09.10.2018 жылғы Жарлығына сәйкес Тоқбаев Бауыржан Қалмұханұлы  – Жаңаөзен қалалық соты төрағасы қызметіне тағайындалды.

2014 жылдан бастап соттар "Төрелік" бағдарламасымен жұмыс жасауға кірісті. Аталған бағдарлама кіріс, шығыс және ішкі айналымдағы құжаттардың элетронды түрде жүргізілуін, сот іс-қағаздарының яғни, сот істерін электронды түрде тіркеп, сот актісі қабылданғанша есепке алып отыруды қарастырады.

 

Сот төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқбаев Бауыржан Калмуханұлы

Маңғыстау политехникалық колледжін  1997 жылы    мұнай және газ кеніштерін пайдалану,   Орта – Азиялық университетін  2002  жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген.  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару  академиясын  2010 жылы   заңтану мамандығы    бойынша бітірген.

2003-2010 жылдары Алматы гарнизоны әскери сотының бас мамамының м.а., бас маманы, кеңсе меңгерушісі, 2011-2013 жылдары  Еңбекшіқазақ аудандық сотының жетекші маманы қызметтерін атқарған.

Елбасы Жарлығымен 2013 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

2017-2018 жылдары Мұнайлы аудандық сотының судьясы қызметін атқарды.

Елбасының 2018 жылдың 9 қазанындағы №768 Жарлығымен   Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.