Мемлекттік баж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

МЕМЛЕКЕТТIК БАЖДЫҢ СОТТАРДАҒЫ 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СТАВКАЛАРЫ

1 АЕК /айлық есептік көрсеткіш/ -  3 692 теңге

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне сәйкес (Салық кодексі)

610-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      1. Сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлеме алынады:

      1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қою арыздарынан:

      жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы;

      заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы;

      2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК;

      3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК;

      4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:

      дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      5) некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан – 0,3 АЕК.

      Неке бұзылған кезде мүлiк бөлінген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасынан айқындалады;

      6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қою арыздарынан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

      7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қою арыздарынан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК;

      8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан) – 0,5 АЕК;

      9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің – 50 пайызы;

      10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы;

      11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 5 АЕК;

      12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;

      13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,5 АЕК;

      14) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы;

      15) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 3 пайызы.

      2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша талап қою арызы (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

      3. Бір мезгілде мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қою арыздары үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қою арыздары үшін және мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздары үшін белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

      Ескерту. 610-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Алушы – ҚР ҚМ мемлекеттік кіріс Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша кіріс Департаментінің Жаңаөзен қаласы бойынша кіріс Басқармасы

БСН - 990640001231

Салық органының коды 4307

ТБК - 911

ЖСК KZ 24070105KSN0000000

Бенефициар банкі: Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті

БСК - KK MF KZ 2A

БКК

108125 сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы;

204142 - мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер мен салық салу саласындағы құқық бұзұшылықтарды қоспағанда, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген сот орындаушылары, сот приставтары және басқа да сот қызметкерлері салатын әкімшілік айыппұлдарды, өсімақыны, санкцияларды, өндіріп алулар; 

204165 - соттардың үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар;

204178 – әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот салған ақшалай өндіріп алулар;

206108 - мұнай секторы ұйымдарынан, жәбірленушілерге өтемақы қорынан және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер (сот шығындары және т. б.);

 

 

 

 

Бюджетке есептеуге арналған МКБ коды

Бенефициар БСН

Бенефициар атауы

4301

900340000028

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті

4302

990640001291

Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

4303

990640001300

Қарақия ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

4304

990640001281

Маңғыстау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

4305

990640001271

Түпқараған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

4306

120940010470

Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

4307

990640001231

Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

4308

070940008327

Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы