Маңғыстау облысының Жаңаөзен қалалық соты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Маңғыстау облысының  Жаңаөзен қалалық сотының интернет-сайт парағына қош келдіңіздер!

Сот билігінің мәртебесі Ата Заңымызда айқындалған. Әлемдік стандарттарға сай келетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ашық сот жүйесі қалыптасып келеді. Сот жүйесінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету судьялардың бейтараптығы мен кәсіби біліктілігін арттыру арқылы ғана жүзеге асыралады. Қазіргі таңда сонау көшпелі өркениеттен бастау алған қазақтың билер сотының жалғасы, қазіргі заманға сай тарих, уақыт, өңдеуінен өткен, тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі – дамыған өркениет өлшемдеріне сай. Жаңаөзен қалалық соты 43 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді. Жаңаөзен қалалық сотының судьялары да елімізде әділеттіліктің, заңдылықтың салтанат құруына, тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасуына өзіндік үлестерін қосуда. Біздің сайт өздеріңізге қажетті ақпараттарды алуға, өз құқықтарыңызды қорғауға септігін тигізеді деп ойлаймын. Біз қашан да әділдік жолында бірлесіп қызмет жасауға дайынбыз.