Жұмыскерлердің ереуілі келісімге келу арқылы аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотына талап қоюшы «ҚТЖ» АҚ «Маңғыстау облыстық филиалы» жұмысшыларға қатысты ереуілді заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген.

Бейнеу ауданы, Бейнеу селосында орналасқан «ПЧ-12» мекемесі жұмыскерлері 2022 жыл 01 тамыз  сағат 08:00-ден  бастап жұмыстарын тоқтатып, ереуілді бастаған.

Жұмыскерлер   айлық жалақыны 100 пайызға көтеру, Маңғыстау облысы көлемінде «облыстық» өңірлік коэффициентке өтуді белгіленген тәртіпте төлеу, ыстық тамақ ұйымдастыру немесе айлық жалақыға ыстық тамақ шығынын қосу, зейнетке 57 жастан шығаруды және т.б.  сұраған.

Аудандық сотта «ПЧ-12» жұмыскерлері  және  талап қоюшы «ҚТЖ» АҚ «Маңғыстау облыстық филиалы» басшыларымен татуласу  келісіміне келді.

Татуласу келісіміне сәйкес, талап қоюшы жұмыскерлердің еңбекақы жүйесін 1,8 көлемінде «облыстық» өңірлік коэффциентке өтуді белгіленген тәртіпте қамтамасыз етуге міндеттенеді. Жұмыскерлер ереуілді тоқтатып, жұмысты жалғастырады. Талап қоюшы талабынан бас тартады.

Бейнеу аудандық сотының 05 тамыз 2022 жылғы сот ұйғарымымен талап қоюшы «ҚТЖ» АҚ «Маңғыстау облыстық филиалы» және «ПЧ-12» жұмыскерлері арасында татуласу  келісімі бекітілді.

Сот ұйғарымы жарияланғаннан кейін тараптарға түсіндірілді.

Источник: 
Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі