Үкім өзгертіліп, жаза қатаңдатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық соттың М-ға қатысты үкімін жасөспірім жәбірленушілердің өкілі-адвокаттың апелляциялық шағымымен қайта қарады.

Бірінші сатының үкімі бойынша:

Бірінші саты сотының үкімімен  азаматтық некедегі жолдасының кәмелетке толмаған   балаларына бірнеше рет   азғындық әрекеттер, зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер  (124-баптың 3-бөлігі, 121-баптың 4-бөлігімен,  120-баптың 4-бөлігімен)  жасағаны үшін М-ға 25  жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Апелляциялық шағым

Жасөспірім жәбірленушілердің өкілі-адвокат апелляциялық шағымында тағайындалған жазаның жеңілдігін көрсете отырып, М-ға қатысты үкімді өзгертіп, оған өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған.

Апелляциялық алқамен  бірінші сатыдағы сотпен тағайындалған  үкімнің М-ның іс-әрекетіне сәйкес келмейтіні,  сотталушы 2 кәмелетке толмағандарға  қатысты аса ауыр қылмыс жасағаны анықталды.

Апелляциялық сот  алқасының шешімі

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының М-ға қатысты үкімі  өзгертіліп, оған  өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кәмелетке толмаған жәбірленушілердің  өкілі - адвокаттың апелляциялық шағымы қанағаттандырылған.

Іс жабық тәртіпте қаралғандықтан, басқа мәліметтер жариялауға жатпайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі